Британ билігінің жануарларды қорғаудың өзгеше шарасы
Британ билігінің жануарларды қорғаудың өзгеше шарасы
3 жыл бұрын 2296 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британ билігі 12 ай бойы жануарларды экспорттауға тыйым салатынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы LADBible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Джордж Юстистің айтуынша, бұл бағыттағы реформа пакеті ел парламентіне 2021 жылдың жаз мезгілінде ұсынылады әрі бұл шектеу шарасы жануарларды қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Жануарларға қатаң қараудың алдын алу жөніндегі британдық қауымдастық мүшелері ел билігінің бұл бастамасына қолдау білдіріп отыр. Алайда, бұл шектеу шарасынан ұтылатын фермерлердің ұлттық одағы наразылық білдіріп, ел билігінен тікелей тыйым салмай, экспорт ережесін жетілдіруді талап етіп отыр. Осы орайда Еуропалық одақтың қолданыстағы сауда-саттық ережесі жануарларды сою үшін шетел асыруға мүмкіндік беретінін айта кету керек. Алайда, Ұлыбритания қазіргі уақытта ЕO құрамында емес.

0 пікір
Мұрағат