Шаштың түсуін тежеп, өсіретін құрал пайда болды
|
Әлемде шамамен 1,5 млрд адам шаштың түсуінен зардап шегеді екен. Калифорниялық компания суық лазермен шаштың өсуіне ықпал ететін шлем жасап шығарды. Бір ерекшелігі, аталмыш шлеммен үйде отырып-ақ емделуге болады. Оның бағасы – 795 доллар. Бұл құрылғы шаштың түсуін тежеп қана қоймай, жаңа шаштың өсуіне ықпал етеді. Құрылғыдағы тиімділігі аса жоғары суық лазер мүлдем жылу бөлмейді. Алайда, құйқаны мейлінше жарықтандырып, емдік қасиетін жоғалтпайды. Ем қабылдаудың бір сеансы жиырма минуттан артық уақыт алмайды. Аптасына екі рет сеанс алса жетіп жатыр. Емдеу курсы 50 аптаға созылады. 18-20 аптаның ішінде шаштың түсуі тоқтайды. Шлемді NASA-ның бұрынғы ғалымы Тамим Хамид жасады. Ол 32 жасында шашы түсе бастаған соң осындай құрылғыны жасап көреуге бел буған екен.