Шариғат шәлісіне қатысты тәжірибе нені көрсетті?
Шариғат шәлісіне қатысты тәжірибе нені көрсетті?
9 жыл бұрын 2942

Нью-Йорктің жас тұрғыны әлеуметтік тәжірибе жүргізіп, шариғат шәлісінің қоғамдық орындарда арам ниеттілердің шабуылынан қорғайтынын дәлелдеп шықты. Қалай дейсіз ғой? Азиялық бойжеткен алдымен бес сағат бойы көшеде майка мен шалбар киіп жүрген, артынан осынша уақыт бойы шариғат талаптарына сай киініп көше кезген көрінеді. Құрбысы оны жасырын камераға түсіріп алған. Алғашқы бес сағаттың ішінде оның суық түр танытқанына қарамастан қадам аттаған сайын өзімен әзілдескісі, танысқысы келетіндердің, комплимент айтқандардың қарасы көп болған. Ол ол ма, анайы қалжыңға да жол берілген екен. Ал шариғат талаптарына сай киініп шыққанында мұндай жөнсіздіктер орын алмаған көрінеді. Әрі бейуақта, яғни, адамдардың нәпсісі қозатын, айуандық сезімдерге ерік берілетін уақытта көше кезгенін ескерсек, шариғат шәлісінің қаншалықты қорған болғанын аңдауға болады (https://www.youtube.com/watch?v=mgw6y3cH7tA).

0 пікір
Мұрағат