|
Шамамен 700 коаланы өлтірді
|
Австралия билігінің пәрменімен 700-ге тарта коала өлтірілді. Бұл жайында AFP ақпарат көзі хабар таратты. Ел билігінің мұндай қадамға баруына коалалардың шамадан тыс көбейіп кеткені себеп болған. Егер олардың санын азайтпаса, қорек жетіспегендіктен, яғни, аштықтан өздері-ақ қырылып қалар еді. Виктория штатының қоршаған ортаны қорғау министрі Лиза Невилленің (Lisa Neville) айтуынша, аталмыш құрлықта бір гекторға 20 коаладан келген. Сондай-ақ, 686 коаланың денсаулықтарында кінәрат болған. Яғни, ауру коалалардың көздерін жойған. Бұған қоса, коала баяу қозғалатындықтан мекендеген жерінен кетпейді. Егер оларды өзге мекенге ауыстырса, құсадан өледі екен. Десе де, құқық қорғаушылар биліктің бұл қадамын сынға алып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды