Саясаткер палестиналық баланың мүрдесін «халал етке» теңеді
Саясаткер палестиналық баланың мүрдесін «халал етке» теңеді
10 жыл бұрын 4129 www.islamnews.ru/

Есімі елге белгілі француз саясаткер Жак Рено Twitter әлеуметтік желісінде палестиналық баланың мүрдесін қорлап, халал етке теңеді. Осылайша, израилдік агрессияға қолдау білдіретінін анық аңғартты. Ол аталмыш әлеуметтік желіде «Франциядағы барлық жөйттерге үлкен қолдау білдіреміз! Біз 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз»,- деп жазған 66 жастағы саясаткер әрі бизнесмен. Оның осы жазбасына жауап жазған әлеуметтік желіні пайдаланушы басы жараланған палестиналық баланың суретін ғаламторға орналастырған. Жак Рено оны халал етке теңеп, мұсылмандардың наласына қалып, наразылығына ұшырады. Десе де, Жак Рено мұсылмандардың ғана емес, күллі адамзаттың ар-намысын қорлайтын бұл жазбасын әлеуметтік желіден алып тастады. Егер кінәсі дәлелденетін болса, Жак Ренеге айып тағылып, сот үкімі шығады.

0 пікір
Мұрағат