Саудия Қытаймен арадағы аса ірі мәмілені бұзды
Саудия Қытаймен арадағы аса ірі мәмілені бұзды
4 жыл бұрын 3264 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияның мемлекеттік Saudi Aramco мұнай компаниясы Қытаймен арадағы біріккен кәсіпорын құру бағытында қолға алынуы тиіс мұнай шикізатын өңдеу әрі мұнай-химия кешені құрылысына қатысты аса ірі мәмілені бұзды. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі мәлім етті. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында жүзеге асырылуы жоспарланған жобаның құны 10 млрд долларға бағаланған еді. Алайда, саудиялық мұнай компаниясы аталмыш жоба көп шығынды қажет ететіндіктен әрі бұл жобаның нарықтық болашағы бұлыңғыр болғандықтан тәуекелге барудан бас тартты. Saudi Aramco-ның осынау инвестицияға қатысты жоспарын қайта қарастыруына 75 млрд доллар дивидендті сақтау ниеті түрткі болғанын айта кету керек. Оның үстіне, Saudi Aramco басшылары қарыздың артып, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты аталмыш жобаны тиімсіз деп тауып отыр. Өткен жылдың ақпан айында бекітілген аталмыш келісім-шарт екі елдің арасындаңы экономикалық байланыстың шешуші әрі маңызды кезеңінің басы ретінде қарастырылған еді. Сарапшылар тарапынан. Осылайша саудиялық компания өзінің өткізу нарығын кеңейтіп, қытай инвестициясын тартуды көздеген болатын. Саудия бұл кәсіпорынға тәулігіне қуаты 300 мың баррел мұнайды құрайтын мұнайдың 70 пайызын жеткіздуді жоспарлаған еді. Бұрын белгілі болғандай, аталмыш саудиялық мұнай компаниясының биылғы алғашқы жарты жылдықтағы таза табысы оның алдындағы жылдың аталған мерзімдегі көрсеткішімен салыстырғанда екі есеге төмендеп кеткен еді (2020 жылы – 23,2 млрд доллар, 2019 жылы – 46,9 млрд долар).

0 пікір
Мұрағат