|
Саудия Қытай нарығынан Ресейді ығыстырды
|
Саудия өткен жылы Қытайға мұнай экспорттаудан Ресейді басып озды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қытайдағы мұнай импорты 2019 жылғы көрсеткішке қарағанда 2%-ға артқан. Осылайша әлемдегі аса ірі мұнай шикізатын өндіруші араб елі Қытай нарығында Ресейді ығыстырған. Әлемнің алып экономикасына айналған Қытайға мұнай экспорттау бойынша үшінші орыннан Ирак көрінген, яғни, Саудия мен Ресейден кейінгі орынға табан тіреген. Қытай халық санының көптігімен үлкен нарық болғандықтан аталған елде трансұлттық корпорациялар көптеп шоғырланған. Олардың өндірісі орасан көп мөлшерде энергия ресурсын қажет етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)