|
Сауд Арабиясындағы мешіттер қатаң күзетілетін болады
|
Сауд Арабиясындағы 94 000 астам мешіт ендігі уақытта күшейтілген күзетшілердің бақылауында болады. Ел үкіметі бұл қадамға Қатиф пен Даммам қалаларындағы мешіттерде болған терактілік жарылыстан кейін барып отыр. Соңғы кезде ел азаматтары мешіттерге баруға аздап үрейленіп қалғаны рас.
«Намазхан бауырларымыздың қауіпсіздігі үшін жаңа механизмдерді енгізіп отырмыз», - деп түсініктеме берді Ислам ісі жөніндегі министрлік өкілдері.
«Рамазан айында патрульдік полицияны екі есе күшейтуді жоспарлап отырмыз» - деді генерал-майор Мансур ат-Турки.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды