Сағыз өндірушілерді тротуарларды тазартуға міндеттеу ұсынылды
Сағыз өндірушілерді тротуарларды тазартуға міндеттеу ұсынылды
9 жыл бұрын 3343

Ұлыбританияда шенеуніктер сағыз өндірушілерді тротуарларды тазалауға міндеттеуді ұсынды, - деп жазады The Telegraph. Жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығы шенеуніктерінің бірінің айтуынша, тротуарларға сағыздардың тасталуынан көшелердің ұсқыны кетіп тұр.

Шенеуніктердің айтуынша, Wrigley компаниясы көше тазалауды қаржыландыруға "айтарлықтай үлес" қосуы керек. Сонымен бірге, қауымдастық сағыз өндірушілерге өнімді табиғи жолмен жойылып кететіндей етіп шығаруды ойластыруды ескертті.

Еске сала кетейік, мұның алдында Twitter сервисінің франциялық қолданушылары АҚШ президенті Барак Обаманы сағызға байланысты қатты сынға алған еді. Олар Нормандияда одақтастар әскерінің түсірілгеніне 70 жыл толуына орай өткен ресми салтанатта Обаманың сағыз шайнап тұрғанын байқаған. Америка басшысын кейін Интернеттің Қытайдағы тұтынушылары да сынады. Оларға Бейжіңде өткен Азия - Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде ірі держава басшысының көпшілік алдында сағыз шайнағаны ұнамаған.

0 пікір
Мұрағат