Қызықты мәліметтер: Адамның өмірден ерте озуына әсер ететін әдеттер
Қызықты мәліметтер: Адамның өмірден ерте озуына әсер ететін әдеттер
8 жыл бұрын 9819

Ғалымдар адамның ағзасы мен денсаулығына кері әсер етіп, өмірден ерте озуына себепкер болатын бес әдетті анықтады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жат әдеттер: ішімдік, шылым шегу, аз қимылдау, зиянды тағамдарды тұтыну, көп ұйықтау немесе ұйқының қанбауы (яғни, аз ұйықтау). Австралия астанасы – Сидней қаласының мамандары жасы 45-тен асып кеткен екі жүз мыңнан аса адамның өмір сүру салтын бақылай келе осындай тұжырымға келген.

 

Әйелдерге қарағанда ерлер кеңістікте тез бағдарланады  

Норвегиялық ғалымның, дәлірегі, профессор әрі медицина ғылымдарының  доктор Карл Пинтцка әйелдерге қарағанда ерлердің кеңістікте бағыт-бағдарын тез табатынына көз жеткізген. Бұған ер-азаматтардың отбасы, ошақ қасынан ұзай қоймайтын әйелдер сияқты үйде отырмай түзде көп жүруі себеп болса керек.

 

Адамдар қандай ауа райында өнімді еңбек етеді?

АҚШ ғалымдардың тұжырымына қарағанда, адамдар күн көзі жарқырап тұрған сәтте емес, бұлыңғыр тартып, тұнжырап тұрған кезде өнімді еңбек ететін болып шықты. Ғалымдар экономикасы қарыштап дамыған Жапониядағы қаржы компаниясының қызметкерлеріне тәжірибе жүргізіп көрген. Күн ашық кездегі мен бұлтты кездегі олардың жұмыс нәтижесін салыстырып көрген. Күн ашық кездегі жұмыс нәтижесі төмен болған. Себебі, қызметкерлер мұндай күні қыдыруды, табиғат аясына шығып демалуды, суға шомылып, жағажайды жатуды, т.б. ойлайды.

 

Ғалымдардың бәрі атеист пе?

АҚШ әлеуметтанушылары өз әріптестері арасында тәжірибе жүргізіп, олардың ғылымға ма әлде дінге ме, қайсысына көбірек ден қоятынын бпайқап көрген. Сауалнама ең алдымен ғаламның жаратылысын зерттейтін  физиктер мен биологтар арасында жүргізілген. Дәлірегі, әлемнің түрлі елдерінен  он мыңдаған осы саланың ғалымдары сауалнамаға қатысқан.  Олардың 54 пайызы бір құдайдың барына сенетіні белгілі болды. Құдайдың барына сенбейтін ғалымдардың өзі дін мен ғылымның арасында қандай да бір қайшылық жоқ екенін жеткізген.

 

СПИД-тің әлемнің қай түкпірінен тарағаны белгілі болды                                                 

Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымдары әлемге АИТВ (ВИЧ) қай қаладан тарағанын анықтады. Дәл осы жерден әлі күнге дейін шипасы табылмай келе жатқан індет бүкіл әлемге жайылған.

Мамандар түрлі дәлелдер келтіре отырып, бұл аурудың Конго астанасы - Киншас қаласынан тарағанын анықтап отыр. Індет приматтардан адамға алғаш жұққан кезде дәл осы шаһарға әлемнің түкпір-түкпірінен ер және әйел адамдар көп келетін болған. Осы себепті індет жер-жаһанға тез тарап кеткен.

0 пікір
Мұрағат