Қытай билігінің өз бизнесіне «жаудай тиюінің» бір сыры ашылды
Қытай билігінің өз бизнесіне «жаудай тиюінің» бір сыры ашылды
3 жыл бұрын 3195 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігінің елдегі соңғы уақытта өркен жайған білім беру индустриясына қатысты ұстанған қатал саясатының түпкі позициясы белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де қытай билігінің мұндай мәжбүрлеу шараларына негізделген саясаты өз кезегінде ел экономикасына таяу болашақта да, ұзақ мерзімді стратегиялық шешім тұрғысынан да қауіп төндіреді. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Ең алдымен миллиондаған жұмыс орны жабылады. Аталмыш индустриядан нәпақасын айырып жүргендер «екі қолға бір күрек» таппай сенделіп қалмақ. Екіншіден, елдің болашағына пайдалы репетиторлық секілді тәжірибенің тамырына балта шабылады. Әдетте Қытайда 1970-ші жлдардың бас кезінен бері жүргізіліп келген «Бір бала – бір отбасы» демографиялық шектеу саясатының нәтижесінде саннан бұрын сапа мәселесіне назар аударылған еді. Соның ішінде бала біліміне ерекше көңіл бөлініп, Қытайдың елеулі технологиялық жетістіктерге жетіп, экономикасының өркендеуіне себеп болды. Алайда, аталған демографиялық саясаттың кері әсері де біліне бастаған болатын, соның ішінде ұлттың қартаю процесіне байланысты экономиканы көтеруге қабілетті жастағы еңбекке жарамды тұрғындары қарасы едіуір азайып келеді. Саннан да сапа туатынын, әрбірден соң  ұлттық қауіпсіздік мәселесінде маңызы зор демографиялық саясатта жіберіп алған олқылық пен қателіктің орнын толтыру үшін Қытай билігі осындай қатаң шараларға барып отыр. Дәлірегі, Қытайдың мемлекеттік кеңесі мен Партияның орталық комитеті бейресми атауы «қос қысқарту саясаты» («double reduction» policy) есебінен әлемдік инвесторлар тарапынан қолдау тауып отырған осынау қанат жайып келе жатқан білім беру индустриясының арынын тежеуге көшті. Аталған индустриядағы табыс 100 млрд долларға дейін өскен, оның 40 млрд-ы онлайн режимдегі репетиторлыққа тиесілі. Қытай билігінің таяуда қабылдаған ереже таоаптарына сәйкес білім беру мекемелеріне демалыс, мереке-мейрам күндері, жазғы және қысқы каникул кезінде балаларды оқытуға тыйым салынып отыр. Тек жұмыс күндері ғана рұқсат етілген сабақтан тыс уақытта қосымша білім алуға. Оның өзінде де белгілі бір сағаттан асырмауы тиіс. Әдетте жазғы және қысқы каникул кездері мен демалыс және мереке-мейрам күндеріндегі мектептен тыс білім беру үлесі мектеп бағдарламасы бойынша бекітілген сағат санына шаққанда оқу процесі 65 пайыздан асып жығылады екен. Бұл ереже ең алдымен орта мектепте білім алып жүрген оқушыларға қатысты. Дегенмен осы ылдың қаңтар айындағы Бейжің педагогикалық университеті мен TAL Education ұйымының есебінде келтірілген дерекке қарағанда, осы индустрияда жұмыс істейтін 10 млн-ға тарта адам жұмыссыз қалайын тұр. Аса ірі Citic Securities қытайдың инвестициялық банкі академиялық пәндерге маманданған оқу орталықтарын өз нарықтық секторға дереу көшуді ескертіп отыр. Қытайдағы мектептен тыс оқытумен айналысатын 17 Education & Technology компаниясы Қытай билігінің мұндай саясатына байланысты қызметкерлерінің қарасы екі есеге қысқартуға бел буып отыр.  Білім беру индустриясының өзге де алыптары өз штаттарын 70 пайызға дейін қысқартуды көздеп отыр. Осы жылдың наурыз айында Қытай халық республикасының төрағасы Си Сзинпин мектептын тыс қосымща білім беруді «қоғамдық проблема» деп атаған болатын. Ал мамыр айында бұл саланы «бей-берекет дамыған сала» атап, тексеруді күшейткен еді. Дәлірегі, осыдан кейін репетиорлардың біліктілігі мен оларға тьөленетін жалақыға қатысты ұдайы тексеру жүргізетін арнайы қадағалау органы құрылған болатын. Сонымен қытай билігі мұның бәрін не үшін қолға алып отыр? Бұған жоғарыда шетжағалап айтып өткеніміздей, елдегі туу көрсеткішінің төмендеп кеткені себеп болған. «Қос қысқарту» саясатының» түбінде отбасының білім беруге кететін шығынын азайта отырып, екінші және үшінші баланы өмірге әкелуіне «жағдай жасауды» көздейді. Яғни, бір бала үшін кететін білім беру саласындағы шығынды кеміту есебінен туу көрсеткішін көтеруге ден қойып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Бизнесін қыспаққа алған ел ұлттық валютасын құлдыратып алды» (https://islam.kz/kk/news/alem/biznesin-qyspaqqa-algan-el-ulttyq-valyutasyn-quldyratyp-aldy-15539/#gsc.tab=0);

«Қытай билігінің қарқыны қатты – тағы бір индустрияны күйретуге кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biliginin-qarqyny-qatty-tagy-bir-industriyany-kuiretuge-kiristi-15526/#gsc.tab=0);

«Мемлекеттік машина өз дегенін істейді: қытай компаниялары капиталының едәуір бөлігінен бас тартуға мәжбүр» (https://islam.kz/kk/news/alem/memlekettik-mashina-oz-degenin-isteidi-qytai-kompaniyalary-kapitalynyn-edauir-boliginen-bas-tartuga-majbur-15513/#gsc.tab=0); 

«Қытай билігі технологиялық компанияларға тағы бір майдан ашты» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-tagy-bir-maidan-ashty-15459/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі аса ірі интернет индустриясын жоюға кірісті» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-asa-iri-internet-industriyasyn-joyuga-kiristi-15334/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі технологиялық компанияларға бақылауды күшейтетін заң забылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-tehnologiyalyq-kompaniyalarga-baqylaudy-kusheitetin-zan-zabyldady-15358/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел аумағындағы технология алыптарынан қорқайын деді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-aumagyndagy-tehnologiya-alyptarynan-qorqaiyn-dedi-14408/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат