Сот ластанған ауа үшін ел билігіне айыппұл салды
Сот ластанған ауа үшін ел билігіне айыппұл салды
3 жыл бұрын 2094 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Францияның жоғарғы әкімшілік соты үкіметке 10 млн еуро мөлшерінде айыппұл салды – елдің кейбір аймақтарында ауаның ластануының алдын алмағаны үшін. Негізінде бұл үкім осыдан 4 жыл бұрын қабылданған шешімді орындамағаны үшін қолданылған жаза – сол кезде аталмыш сот ондаған өңірдегі зиянды тозаң мен азот оксидінің деңгейін еуропалық стандартқа дейін кемітуге міндеттеген болатын. Алайда, аталған зиянды заттар Париж бен Лион қалаларында бұрынғыша жоғары деңгейден төмен түспеген. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Үкімет қолға алған шараларға қарап, 2017 жылғы сот шешімінің толық орындалуына жеткіліксіз деп саналсын»,- деп айтылған сот қаулысында. Мемлекеттің бұл тараптағы мақсатына қол жеткізбейінші әр бір жарым жыл сайын соттың осынша мөлшерде айыппұл салуға құқылы екенін айта кету керек. Ал аталған елдің министрлер кабинеті ауа ластануының алдын алу үшін қолдан келген барлық шараларды жүргізіп жатқанын, дәлірегі, ел тұрғындарын қоршаған ортаға зиянды парникті газды бөлмейтін электрмен жүретін көліктерді пайдалануға ынталандырудың барлық амалын қарастырып, бу қазандықтарынан біртіндеп бас таруға ден қойғандарын алға тартып, ақталып әлек. 

0 пікір
Мұрағат