Қытай билігі ұйғырлардың 630 елді-мекенінің атауын өзгерткен
Қытай билігі ұйғырлардың 630 елді-мекенінің атауын өзгерткен
30 күн бұрын 412 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ұйғырлар мен басқа да түркі халықтары жайлаған елді мекендердің атын қытайша атауларға өзгертіп жатыр. Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы осындай дерек келтіріп отыр. Бұл туралы islam.kz порталы IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Нақтысында, құқық қорғаушылардың мәліметінше, атауы түркі немесе исламға қатысы бар 630 ауылдың атауы өзгертілген. Мұндай мәлімет Қытайдың ұлттық статистикалық бюросының 2009 және 2023 жылдарға арналған Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы 25 мың елді мекеннің атауларын салыстыру негізінде алынды. Human Rights Watch ұйымының Қытайдағы бөлімшесінің жетекшісі Майа Уанг қытайландыру бағытындағы саяси науқан ұйғыр халқының тарихы мен мәдениетіне, діні мен діліне, салт-дәстүріне, ұлттық бірегейлігіне нұқсан келтіріп, қиянат жасап жатқанын мәлімдеді. Осы орайда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қазір 11 миллионға жуық ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да түркі мұсылман халықтары тұрып жатқанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат