|
Әлемде 249 млн адам безгекпен ауырады
|
Жалпы жыл сайын әлемде бұл дерттен 600 мыңнан астам адам көз жұмады. 249 миллион кісі ауру жұқтырады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Науқастардың дені африкалықтар. Өйткені, олар климаты қолайсыз аймақтарда тұрады. Бірақ, кейінгі жылдары Таяу Шығыс пен Еуропаның кейбір өңірлерінде безгекпен ауырғандар көбейді. Оған Африкадан ағылған босқындар себеп. Айта кетейік, безгек адамға маса шаққан кезде берілетін инфекциялық ауру. Бұл дертке көбіне 5 жасқа толмаған балалар шалдығады.
Майкл Мунгома, фармацевт: - Бұл дерт Африкадағы бүкіл елдің бас ауруына айналды. Науқастардың дені көбіне дәрі-дәрмекті уақытында қабылдамайды. Себебі қарапайым халықтың оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Өлім-жітім санының артуы да содан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа еліндегі мешіттерге әр 5 күн сайын бір шабуыл жасалады
■
Нұрлан имамға интернетте уағыз айтуға ресми түрде рұқсат етілді
■
Спутникті орбитаның өзінде істен шығара алатын микротолқынды қару пайда болды
■
Жаңа виза ұмра қажыларына бір жылда бірнеше рет қажылық жасауына мүмкіндік береді
■
Азия аймағында алаяқтардан келген шығын бір жылдың ішінде 114 млрд долларға жеткен