Құрғақшылыққа төзімді ГМО бидайды өсіруге тұңғыш рет рұқсат етілді
Құрғақшылыққа төзімді ГМО бидайды өсіруге тұңғыш рет рұқсат етілді
4 жыл бұрын 2944 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Аргентина билігі Bioceres SA биотехнологиялық фирмасы ұсынған, құрғақшылыққа төзімді HB4 бидай түрін өсіруге рұқсат берді. Бұл жайында аталмыш ел үкіметі мен компания өкілдері мәлімдеді. Осылайша Аргентина ГМО-бидай штаммын мақұлдаған әлемдегі тұңғыш ел атанды. Бұл туралы islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемде бірде-бір ел ГМО-өнімдерді импорттауға рұқсат еткен емес. Осыған байланысты Bioceres фирмасының бас директоры Федерико Трукко HB4 бидайын Бразилия импорттауға рұқсат еткенде сатуды бастайтынын да мәлімдеді. Өйткені, аргентиналық бидайды ең ірі импорттаушы ел Бразилия екенін айта кету керек. HB4 технологиясы өндірістік шығыны аз әрі құрғақшылыққа төзімді болғандықтан түсімі мол тұқыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Осы уақытқа дейін жүгері, соя секілді өсімдіктерді олардың түсімін арттыру үшін генетикалық тұрғыдан модификациялауға рұқсат етілгенімен бидайға қатысты коммерциялық мақсатта мұндай рұқсат берілген емес. Тұтынушылар жаппай тұтынатын өнім болғандықтан. «Біз HB4 бидайын екпейміз әрі өзгелерге де кеңес бермеймін – импорттаушы елдер тарапынан рұқсат етілмейінше. Біз ешкім сатып алғысы келмейтін астық үшін басымызды қатерге тіккіміз келмейді»,- деп мәлімдеді аталмыш ферманың Кордовадағы, Санта-Федегі және  Буэнос-Айрес провинциясындағы меңгерушісі Франсиско Сантильян. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы Аргентина аумағында жиналған 11,3 млн тонна бидайдың 45%-ы Бразилияға жөнелтілген болатын. Бразилиялық бидай өндірушілер қауымдастығының жетекшісі Рубенс Барбоза бұл жағдайды жіті бақылап отырғандарын жария етті. Аргентинадағы CIARA CEC астығын экспорттау жөніндегі сауда палатасының жетекшісі Густаво Идигорас бұл бағытта ел билігімен ақпарат алмасуға дайын екендіктерін жеткізді. АҚШ-тың бидай сапасын қадағалайтын кеңестің атқарушы вице-президенті Дэйв Грин де экспорттаушы клиенттердің бірде-біреуі ГМО-бидайына қызығушылық танытып отырмағанын тілге тиек етті. Десе де соңғы жылдары адамзат қарасының артуына, сондай-ақ, жаһандық жылыну мен клоимат өзгерісіне байланысты азық-түлік тапшылығы ұлғайып келе жатқандықтан құрғақшылыққа төзімді бидай өсірудің маңызы артып келеді.

0 пікір
Мұрағат