Guardian XO экзосүлдесінің алғашқы топтамасы (видео)
Guardian XO экзосүлдесінің алғашқы топтамасы (видео)
4 жыл бұрын 3348 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та Sarcos Robotics компаниясы адамға 90 келіге дейінгі жүкті қаңбақ құрлы көтеруге мүмкіндік беретін Guardian XO экзоүслдесін жұртшылықтың назарына ұсынды. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Аталмыш экзосүлдені құрастырушылардың айтуынша, адамға 4,5 келіден асатын жүк салмақ түсіреді. Бұл адам денсаулығына залал келтірмей көтере алатын салмақ шегі. Sarcos Robotics компаниясы келесі жылдан бастап жаппай шығаруды жоспарлап отыр. Алғашқы тапсырыс берушілер бұл тауарға қаңтар айында ала алады. Экзосүлденің датчигі адамның қимыл-қозғалысын бағып, оны қайталайды әрі қуатын арттыра түседі. Sarcos Robotics компаниясының өнімі сағатына 5 шақырымды артқа тастауға мүмкіндік береді. Оның аккумуляторы экзосүлдені екі сағаттан сегіз сағатқа дейін қуаттандыра алады. Sarcos Robotics компаниясының экзосүлдесінің бірнеше данасын АҚШ-тың әскери-теңіз күштері мен АҚШ-тың әскери-әуе күштері сатып алған. Жүк тиеу және түсіру жұмыстарында қолдану үшін.

 

0 пікір
Мұрағат