Қандай да бір діни құндылықты мансұқтау да халықаралық нормаларды бұзғандық болып табылады
Қандай да бір діни құндылықты мансұқтау да халықаралық нормаларды бұзғандық болып табылады
4 жыл бұрын 2402 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей, таяуда француз тілінде жарық көретін Charlie Hebdo сатиралық мерзімді басылында Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) карикатурасы жарияланды. Аталмыш журналдың Адамзаттың асыл тәжінің карикатурасын жариялап отырғаны бір бұл емес, естеріңізде болса, 2015 жылы да жариялаған болатын. Бұл журналдың исламды қаралауға, исі мұсылманды тұқыртуға бағытталған арандату әрекеті әлемнің әр түкпірінде наразылық акцияларына ұласқан еді. Франция билігі, дәлірегі, аталған ел президенті бұл инцидентке қатысты мәлімдемесінде сөз бостандығына шектеу қоя алмаймын деп жауапкершілікті мойнына алудан қашты. Осыған байланысты Иранның сот билігі жетекшісінің орынбасары Әлі Багери ислами құндылықтарға тіл тигізуге тосқауыл қою мақсатында халықаралық ұйымдармен хат алмасқанын мәлімдеді. Осылай дей келе ол Франция билігі өз еліндегі азшылықты құрайтындардың мүддесін табанға таптап, құқығына қол сұғып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол адам құқығы тұрғысынан мұндай арандату әрекетті ақтауға келмейтінін тілге тиек етті. «Бұл саладағы шаралар күн тәртібінде тұр – аймақтық және халықаралық ислами институттарды және өзге де елдерді мұндай мәселелерді қадағалап отыруға пайдалану керек», - деп түйіндеді сөзінің соңын. Ирандық лауазымды тұлғаның мұндай шетін мәселеге заңнама тұрғысынан келіп, ислами құндылықтарды қорғауда пайдалану бастамасы өзгелерге ой салуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат