Қайтыс болған күйеуінен сыйлық алды
Қайтыс болған күйеуінен сыйлық алды
9 жыл бұрын 3785

Гүл алған кез келген әйелдің қуанатыны хақ. Дегенмен, Америкада ғашықтар күніне орай 52 жасар Шелли Голеге қайтыс болған күйеуінің атынан бір шоқ гүл мен хат келген кезде ол қатты қорқып кетті.

Себебі оның жұбайы - Джим сегіз ай бұрын о дүниеге аттанған. Бұл жайында "Алаш айнасы" порталы Metro басылымына сілтеме жасап, хабар таратқан. Вайоминг штатында тұратын жесір әйел үйіне бір себетгүл мен хат келгенде қатты сасып қалды. Хатты ашып қараса, ішінде: "Сүйіктім, Валентин күнімен құттықтаймын! Бекем бол! Мәңгілік сендік - Джим", - деген жазу болды. Алайда, Шелли ол хатты өз күйеуінің жазғанына бірден сенген жоқ. Сыйлықты балалары жасады деп ойлады. Содан ол гүл өсірушіге звондап, мән-жайды білген. Флорист аталған сыйлықты жеткізуді Джим Голенің өзі қайтыс болғанға дейін тапсырғанын растады. Ол өткен жылы ми ісігі ауруынан қайтыс болды. "Сөйтсе, бұл - себетгүлдердің алғашқысы ғана. Джим гүл өсірушімен келісіп, маған жыл сайын гүл жеткізіп беруді тапсырған. Жан жарым қайтыс болса да теңдесі жоқ мінезімен таңқалдыруды қоятын емес", - дейді Шелли Голе журналистерге берген сұхбатында.

0 пікір
Мұрағат