Пластикалық пакеттерді ел аумағына жібермейтін болды
Пластикалық пакеттерді ел аумағына жібермейтін болды
10 жыл бұрын 3780

Келесі жылдан бастап, Иордания пластикалық пакеттер мен тағам салынатын пластикалық ыдыстарды пайдалануға тыйым салатын болды. Мұндай шара, ең алдымен, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Бұған қоса, пластикалық қоқыстарды өңдеудің қиындығы да осындай шараны енгізуге итермелеп отыр. Тағам салынатын пластикалық ыдыстардың адам ағзасына аса зиянды химиялық түзілістерді тударатынын алға тартып отыр. Тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын қадағалайтын басқарманың бас директоры Хайел Обейдат. Оның айтуынша, пластикылық өнімдер өздігінен жойылмайтындықтан қоршаған ортаға есепсіз зиян келтіреді. Оның үстіне, пластикалық өнімдер теңіздегі және құрлықтағы жануарларға да аса қауіпті көрінеді. Қазіргі уақытта мұндай тыйым Катар, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері секілді мұсылман елдерінде енгізілген.

0 пікір
Мұрағат