ПАЦИЕНТТІҢ ҚОЛЫ ҚҰЛТЕМІРДЕН ЖАСАЛДЫ
ПАЦИЕНТТІҢ ҚОЛЫ ҚҰЛТЕМІРДЕН ЖАСАЛДЫ
9 жыл бұрын 3084

Қолынан айырылғандардың тура сол қол секілді қимылдайтын және адамның еркіне бағынатын, яғни, адамның қалауынша қимылдайтын «қолмен» ауыстыру мәселесі осы уақытқа дейін ғалымдардың басын қатырып келген еді. Оның да шешімі табылған секілді. Джон Хопкинстің қолданбалы физика зертханасының ғалымдары құлтемір секілді протез жасап шығарды. Les Baugh пациенті осыдан 40 жыл бұрын жазатайым оқиғадан екі қолынан бірдей айырылған болатын. Оған жуырда ғалымдар ойлап тапқан құлтемірден жасалған протез қол жалғанды. Бұл «қолдың» артықшылығы сонда, ойша оны қимылдатуға болады. Яғни, ойша «бұйрық» беру арқылы протез қолды қимылдатуға болады. CNet, ресурсы хабарлағандай, пациент құлтемірден жасалған қолын қимылдату үшін өте күрделі ота жасалуы керек алдымен. Яғни, жүйке талшықтары протезге жалғануы керек. Сонымен қатар, пациент протез қолды баасқарудың қыр-сырына қанығуы үшін арнайы курстен өтуі тиіс.  

0 пікір
Мұрағат