Пациенттердің «қара тізімін» жасамақшы
Пациенттердің «қара тізімін» жасамақшы
9 жыл бұрын 2433

«Астаналық дәрігерлер бірлестігі» деп аталатын қоғамдық ұйымның төрағасы Шәміл Ғайнуллин хабарлағандай, мәскеулік дәрігерлер медицина қызметкерлерінің үстінен келсін-келмесін арыз-шағымды қарша борататын пациенттердің «қара тізімін» жасауға бел буып отыр. Ол Мәскеу қаласының дәрігерлерінің мұндай қадамға кейбір пациенттердің орынсыз әрекетінен мезі болғаннан кейін амалсыздан барып отырғанын жеткізді. Бұл тізімге арыз-шағымнан көз ашпайтын «кәсіби арызқой» пациенттердің аты-жөні енгізіледі. Оның сөзіне қарағанда, Ресей Федерациясы аумағында соңғы жылдары ақ халатты абзал жандардың жұмысына көңілі толмайтын пациенттердің қарасы күрт артқан. Медициналық қызметтің сапасының төмендігінен емес, олар дәрігерлердің қорғансыздығын пайдаланып, сот арқылы ақша өндіріп алуға құныққан. Ондай пациенттерге өзге емханаға барып емделуге кеңес берілсе де (осы емхананың қызметіне көңілі толмаған жағдайда) олар бас тартып шыға келеді. Мұндай пациенттер кез келген емханадан табылады. Бұған қоса, «Астаналық дәрігерлер бірлестігі» заң жүзінде қолдау көруі үшін қоғамдық қабылдауды ұйымдастыруда. Сондай-ақ, медицина мәселелеріне мамандаған заңгерді іздестіруде. Дәрігерлерді әділетсіз пациенттерден қорғайтын. 

1 пікір
  • кісі емдеуге кететін уақыты осындай өнімсіз тірліктермен зая болған дәрігерлерге обал
    9 жыл бұрын
Мұрағат