Пайғамбарымыздың (с.а.у.) карикатурасының авторын Никарагуа елге кіргізген жоқ
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) карикатурасының авторын Никарагуа елге кіргізген жоқ
9 жыл бұрын 2398

Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын салып, өзі жұмыс істейтін Charlie Hebdo сатиралық апталық басылымның мұқабасына шығарған француздық Жульен Бержоға Никарагуа есігін тарс жапты, яғни, елге кіргізбеді. Жульен Бержо осы елде өтетін сөз бостандығына арналған форумға қатысуы тиіс болатын. Бұл жайында «El Universal» ақпарат көзі хабар таратты. Латын Америкасындағы бұл ел оны нон-грант тұлға деп таныған. Алайда, неліктен мұндай шешім қабылданғаны, яғни, себебі айтылмаған. Бұл ақпаратты Жульен Бержоның Никарагуаның аумағына кіруіне салынған тыйымға наразы Франция елшісі Антуан Жоли де растады. Осыған байланысты Никарагуада өтетін шараның маңызын арттыруы тиіс басты тұлғаның бұл форумға қатыса алмағаны да аталмыш жиынның салмағын кеміткендей болды.

0 пікір
Мұрағат