Өзге елден қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтіндерді шетел агенті ретінде танитын заң қабылданды
Өзге елден қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтіндерді шетел агенті ретінде танитын заң қабылданды
3 жыл бұрын 2690 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаттары саяси қызметі үшін шетелден қаржылай қолдау көретін жеке тұлғалар мен тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерді шетел агенті ретінде танитын заңды үшінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Бұл арада «саяси қызмет» тіркесі митингі мен шеруді ұйымдастыруды әрі қатысуды, сайлауға қатысуды, сондай-ақ, саяси партиялардың қызметін білдіреді. Аталған заң талаптарына сәйкес Ресейде аккредитациядан өткен шетелдік тілшілерге де шетел агенті мәртебесі берілуі мүмкін. Мұндай мәртебені иеленген тұлға немесе ұйым бұқаралық ақпарат құралдарында материал жарияласа, шетел агентігінің материалы екенін көрсетілуі тиіс. Аталған заң талабы бойынша. Шетел агентінің коммерциялық емес ұйымының мүшесіне федералды билік органдарындағы қоғамдық кеңес құрамына кіруге рұқсат етіледі. Алайда, шетел агенті болып табылатын жеке тұлғалар мемлекеттік және муниципалды қызметке тұра алмайды. Бұдан бөлек, шетел агентінің коммерциялық емес ұйым реестіріне енгізуге қажетті құжаттарды ұсынбағандарға жазаны қатаңдатады. Дәлірегі, 300 мың рублге дейін айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырады. Ресей билігі осылайша мемлекет қауіпсіздігі үшін осындай қадамдарға барып жатыр.

0 пікір
Мұрағат