|
Әлемнің короновирусқа қанша шығындалғаны белгілі болды
|
Әлемнің барлық елі осы уақытқа дейін тәжді тажал вирусымен күреске 13 трлн доллардан аса қаражат жұмсаған екен. Бұл жайында islam.kz порталы сарапшылардың есебіне жүгінген Nikkei ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл қаражаттың ішінде АҚШ конгресінің пандемия салдарынан кері кете бастаған ел экономикасына қолдау көрсету үшін бөлген 900 млрд долларды да ескерген. Сарапшылардың есебіне қарағанда, 2021 жылы ғаламдық мемлекеттік қарыз мөлшері жалпы ішкі өнім жиынтығының 125 пайызына жетпек. Ал келесі жылдың соңында жұқпалы індеттен әлем экономикасына келетін шығын 7 трлн долларға жетпек. Мұндай болжамды бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас экономисі Лоранс Бун де айтқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін