|
Өздігінен жүретін автокөлік қауіпті болуы мүмкін
|
Google компаниясының туындысы болып табылатын өздігінен жүретін автокөлікті АҚШ-тың федералды тергеу бюросы аса қауіпті қарудың түріне жатқызды. Олардың ойынша, мұндай автокөлікті қылмыскерлер өз мақсаттары мен мүддесіне пайдалануы мүмкін. Әзірге Американың төрт штатында, атап айтқанда, Невада, Флорида, Калифорния және Мичиган штаттарында өздігінен жүретін автокөліктердің «жүруіне» рұқсат етілген. Ал Еуропада Германия, Нидерланды және Испания елдерінде қоғамдық көліктерге арналған жолмен сынақтан өткізуге рұқсат берілді. Биыл Финляндияда да өздігінен жүретін автокөліктерді пайдалануға рұқсат беретін заң қабылданады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркия жұмыс іздеген шетелдіктер үшін ресми сайт ашады
■
Әлемде алғаш рет жасанды зердемен жабдықталған сұйық робот әзірленді (видео)
■
Тағы бір ел жұмыс іздеген шетелдіктер үшін мемлекеттік портал ашты
■
Индонезия сукук аукционында 673 млн доллар тартты. Нарық үшін маңызы қандай?
■
Визаның жааңа түрі пайда болды