Отшашуды терактімен байланыстырып, үйленгендерді тұтқындап әкетті
Отшашуды терактімен байланыстырып, үйленгендерді тұтқындап әкетті
9 жыл бұрын 2939

«Қорыққанға қос көрінеді» дегендей, Пәкістанда бір күнде үйлену тойын жасаған ағайынды екеуді полиция тұтқындап әкетті. Оларды терроризм бойынша айыптап отыр – той кезінде отшашу  (фейерверк) қолданғаны үшін. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Бұл елде қандай да бір мереке кезінде отшашуды қолдану әдеттегі көрініс болатын. Алайда, кейінгі кезде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан терроризм тақырыбынан запы болып қалған ба, әлде әсіресақтықтан асыра сілтеуге жол берді ме, ол арасы белгісіз, осы жолы отшашу басқаша мәнге ие болып шыққан. Карачи тұрғындары, бәлкім, пиротехникалық заттардың қатты дыбысынан үрейленіп, басқаша жорыған шығар? Бұл жағы да беймәлім. Үйлену тойы кезінде бес адам тұтқындалғанымен олардың үшеуі өз жөндеріне жіберілді. Ал үйленген ағайынды екеуі әлі қамауда отыр. Олар, тіпті, кепілдікпен де бостандыққа шыға алмайды. Егер олар терроризм бабы бойынша сотталатын болса, онда ұзақ уақытқа бас бостандықтарынан айырылады. Тіпті, өлім жазасына да кесілуі мүмкін. Десе де, бұл нұсқаның орындала қоюы екіталай, өйткені, отшашу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.  

 

Бразилияда үшем қыздар бір күнде күйеуге шықты

Апалы-сіңілі Рафаэла, Рошель және Тагиан Бини – үшемдер. Бір күнде туылған олар бір күнде күйеуге де шығып отыр. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.

29 жастағы арулар ұзатылу рәсімінде бірдей киініп, бірдей шаш үлгілерін жасатқан. Күйеу жігіттердің бір-біріне туыстық қатынасы болмаса да олар да бір-біріне ұқсап бағуға тырысты. Олар алтарь алдында қалыңдықтарын шатастырып аламыз ба деп қорыққандықтарын айтуда. Дегенмен, барлығы сәтті өтті.
Тұрмыс құрғанға дейін үшемдерді жігіттері жиі шатастырған көрінеді. 

0 пікір
Мұрағат