Ота жасалған адамдардың жүрегінен микропластик табылды
Ота жасалған адамдардың жүрегінен микропластик табылды
1 жыл бұрын 1266 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jesse Orrico / Unsplash

Ғалымдар жүрегіне ота жасалған пациенттердің жүрек тіндерінен микропластик тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Environmental Science & Technology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Микропластик ені мен ұзындығы бес миллимтерден аспайтын пластиктің жұрнақтары. Олар адам организіміне ауыз бен мұрын қуысы арықылы енеді. Тыныс алғанда, ас-су ішіп ауқаттанғанда. Микропластиктің адам өкпесінен, қанынан, тіпті, миынан табылғаны турасында кезінде хабарлағанбыз, алайда, оның адамның жүрек-қан тамыр жүйесінен табылғаны туралы дерек енді белгілі болып отыр. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында ғалымдар жүрекке операция кезінде 15 адамнан жүрек тінінің үлгілерін, сондай-ақ, зерттеуге қатысушылардың жартысынан операцияға дейін және одан кейінгі қан үлгілерін жинады. Бұл үлгілер полиэтилентерефталатты, поливинилхлоридті және полиметилметакрилатты қоса алғанда пластиктің сегіз түрінен мөлшері 20-дан 500 микрометрге дейінгі бөлшектерді анықтайтын тікелей инфрақызыл лазерлік бейнелеуді қолдану арқылы талдаудан және сараптамадан өткізілді. Көптеген ұлпа үлгілерінде микропластикалық бөлшектердің саны мыңнан ондаған мыңға дейін жеткен. Барлық қан үлгілерінде де пластикалық бөлшектер болған, алайда, операциядан кейін олардың орташа мөлшері азайып, пластмасса түрлерінің саны көбейген. Осылайша, инвазивті процедуралардың қанға және ішкі тіндерге тікелей пластиктің енуіне ықпал ететін қатері ескерілмей келеді.

Ұқсас материалдар:

«Зерттеу: микротолқынды пештегі пластик млрд нанобөлшек бөледі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/zertteu-mikrotolqyndy-peshtegi-plastik-mlrd-nanobolshek-boledi-19012/#gsc.tab=0);

«Адам әр сағат сайын микропластиктің 16 тозаңын жұтады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-ar-sagat-saiyn-mikroplastiktin-16-tozanyn-jutady-18765/#gsc.tab=0);

"Тағам қапталған пластик бөлшегі екі сағаттан соң тамақтанған тышқанның миынан табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/tagam-qaptalgan-plastik-bolshegi-eki-sagattan-son-tamaqtangan-tyshqannyn-miynan-tabyldy-18508/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам жасушасының жауына айналуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-adam-jasushasynyn-jauyna-ainaluy-mumkin-17393/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-adam-jasushasynyn-jauyna-ainaluy-mumkin-17393/#gsc.tab=0);

«Адам өкпесінен алғаш рет микропластик табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-okpesinen-algash-ret-mikroplastik-tabyldy-16855/#gsc.tab=0);

«Адам қанынан алғаш рет микропластик табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-qanynan-algash-ret-mikroplastik-tabyldy-16554/#gsc.tab=0);

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

"Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді – зерттеу" (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-aptasyna-orta-eseppen-5-gramm-plastik-jeidi-zertteu-16854/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

«Өсімдік көмегімен судағы микропластикті жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdik-komegimen-sudagy-mikroplastikti-joyudyn-adisi-tabyldy-16567/#gsc.tab=0);

«Әлемді микропластиктен ағаштың бір түрімен тазартуға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alemdi-mikroplastikten-agashtyn-bir-turimen-tazartuga-bolady-16454/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

"Микропластикке арналған сүзгі жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastikke-arnalgan-suzgi-jasaldy-16775/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат