Микропластикке арналған сүзгі жасалды
Микропластикке арналған сүзгі жасалды
2 жыл бұрын 1514 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лазерлік бұрғылау технологиясы пайдаланыла отырып жасалған, микропластикке арналған алғашқы сүзгі Германиядағы тазалау құрылғысында сынақтан өтіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы techxplore.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сүзгі диаметрі 10 микрон болатын 59 миллион тесігі бар болат фольга парақтарын қамтыған. Пластиналар сынбауы үшін олар үлкенірек торға бекітіледі. Осылайша өңделген металл пленка KLASS Filter циклондық сүзгісіне орналастырылды. Сынақ кезінде 3D принтерден алынған ұсақ ұнтақтан суды тазарту үшін өзгертілген сүзгі орналастырылды. Бұл сынақ құрылғының тиімділігін растады. Қазіргі уақытта бұл қондырғы ағынды суларды тазарту үшін сынақтан өтуде. «Негізінде, біздің мақсатымыз қысқа мерзімде болат фольгада мүмкіндігінше көп ұсақ тесіктерді бұрғылауға саятын», - деді Фраунхофер лазерлік технология институтының аталмыш жобасына жетекшілік ететін Андреа Ланферманн. Миллиондаған саңылау жасау көп уақытты қажет ететіндіктен бұл процесті оңтайландыру үшін көп сәулелі қондырғы пайдаланылды. Ол арнайы оптикалық жүйені пайдалану  арқылы бірдей сәуледен матрицаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сүзгіні жасау үшін ғалымдар бір уақытта 144 сәулесі бар саңылау бұрғылайтын ультра қысқа импульстік лазерді пайдаланды. Қазіргі уақытта инженерлер көп сәулелі қондырғыны өнеркәсіптік машинаға қалай біріктіруге болатынын зерттеп жатыр. Ғалымдар процестің жылдамдығын 20-50 есеге арттыру үшін бұрғылау технологиясын да жетілдірмек.

Taking the fight to microplastics with lasers

0 пікір
Мұрағат