Осымен екінші ел тәтті ақуызды сертифкаттады
Осымен екінші ел тәтті ақуызды сертифкаттады
1 ай бұрын 782 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы Біріккен Араб Әмірліктерінен кейінгі әлемдегі екінші ел атанды браззеинді (Браззеин – Африка құрлығының батысында өсетін Pentadiplandra brazzeana өсімдігінің жемісінен бөлінген тәтті дәмі бар ақуыз. Ол алғаш рет 1994 жылы Висконсин-Мэдисон университетінде оқшауланған [2]. Браззеин жеміс тұқымдарын қоршап тұрған целлюлозаның жасушааралық кеңістігінде кездеседі – Уикипедия электронды энциклопедиядан). сертификаттаған. Бұл туралы Islam.kz порталы өз кезегінде «Эфко» компаниясының атқарушы директоры Сергей Ивановқа жөн сілтеген ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған өнім тамақ өнімдері үшін ЕАЭО айналымына рұқсат етілген. 2023 жылдың тамыз айында Дубайдағы «Эфконың» инновациялық жобаларының штаб-пәтері БАӘ-де браззеинді сертификаттауды аяқтағанын жариялады. Браззеин сахарозадан бірнеше мың есе тәтті келеді және қандағы глюкоза деңгейін арттырмайды. «Бирюч» инновациялық орталығында өнеркәсіптік технология толығымен әзірленді. Өнімнің қауіпсіздігі толық дәлелденген және ол тағамдық ингредиенттерге қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді. Бұл тараптағы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, тәтті ақуызды ұзақ уақыт тұтынудан микробиота айтарлықтай өзгертvеген немесе оппортунистік микрофлораның пайда болуына әкелмеген. Аталған ерекше өнімнің клиникалық сынақтары, соның ішінде оның денсаулыққа пайдасын зерттеу жалғасуда. Сергей Ивановтың айтуынша, тәтті ақуыз әлемде қант диабеті мәселесін шешуге көмектесуі мүмкін. 2024 жылдың ақпан айында Әбу-Дабидегі «KEZAD» еркін экономикалық аймағының аумағында бразцеин өндіруге арналған биокластердің құрылысы басталды. Ауқымды жобаға құйылған инвестиция мөлшері 500 миллион долларға жеткен. Жоба үш өндірістік кезеңнің құрылысын қамтиды. Биотехнологиялық кластерді жобалау жұмыстарын еуропалық инжинирингтік компаниялар жүргізетін болады. Мұндай айрықша өнімді тұтыну туралы шешімнің алғаш рет БАӘ-де қабылдануының екі негізгі себебі бар. Біріншіден, аймақ 100% импорттық қантқа тәуелді және қантқа балама өндіру – азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешеді. Екіншіден, БАӘ-де де, Таяу Шығыста да қант диабеті мен семіздік деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналған.

0 пікір
Мұрағат