Жұрт көзінше көңіл білдірудің өзін ерсі көретін тайпа интернет келгелі азғындыққа ұшырады
Жұрт көзінше көңіл білдірудің өзін ерсі көретін тайпа интернет келгелі азғындыққа ұшырады
1 ай бұрын 837 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Амазонкадағы жалғыз тайпа Илон Масктың арқасында интернетке қосылды. Алайда, білім алу  және төтенше жағдайда өркениетпен байланысудың орнына, тайпа мүшелері порнография әлеміне басыбүтін еніп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2023 жылдың қыркүйек айында Итуи өзенінің жағасы мекендейтін, 2000-ға жуық мүшесі бар бразилиялық Марубо тайпасы ақыры интернетке қол жеткізді. Илон Маск пен оның Starlink спутниктік қондырғысының арқасында. Сырт әлемнен оқшауланып тірлік кешетін тайпа қандай да бір мәселе туындаған жағдайда шұғыл түрде билікке хабарласуы үшін цифрландыру жұмыстары жүргізілген. Мәселен, адамды улы жылан шаққанда немесе ауыр дертке шалдыққанда өркениетпен байланысып, жәрдем алуы үшін. Айта кетейік, Марубо - көпшілік көзінше бас түйістірудің өзін оғаш әрекетке жатқызатын «пәк» тайпа. Дегенмен, Алфредо Марубо (Марубодағы барлығының тегі бірдей) планетаның шалғай түкпірлерін өте жылдам интернетпен қамтамасыз ететін қызметтің пайда болуына алаңдайтынын жеткізді. Өйткені, тайпада интернет пайда болғаннан кейін Марубо жастары порно фильмдерге назар аудара отырып, ақ адамдардың өмірін белсенді түрде зерттей бастаған. Сонымен қатар, жастар жалқау тартып, балық аулауды, т.б. жұмыстарды атқарудан қалған, жалпы жұмысқа деген ынтасын жоғалды. Есесіне күнұзақ телефонға телміріп отыратынды шығарған. Жасөспірімдер де тайпадан ірі қалаларға көшуді және сол жерден жұмыс табуды немесе саяхттауды аралауды армандайды. Сондай-ақ, интернет-алаяқтар да пайда болған. Осыған байланысты Marubo жетекшілері «ата-ана бақылауын» енгізуге және әлеуметтік желіге кіру уақытын шектеуге шешім қабылдады: таңертең 2 сағат және кешкі сағат 5-ке дейін. Бос уақытта тайпаның өткізетін түрлі әдет-ғұрпы да ұмытылып барады. Оның орнына интернетке уақыт жұмсайтын болған.

жители Марубо

интернет Марубо

0 пікір
Мұрағат