Оқушыларға үй тапсырмасын беруге тыйым салынады
Оқушыларға үй тапсырмасын беруге тыйым салынады
5 жыл бұрын 5139 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай әмірлігінің жалпы білім беретін орта мектептері оқушылар  мектептен тыс жерде сабақтан тынығуы үшін үй тапсырмасын беру тәжірибесінен бас тартатын болды. Қазірдің өзінде аталған елдегі Arcadia Education, Taaleem және Ambassador Education деп аталатын үш мектеп оқушыларға үй тапсырмасы берілмейтін жүйеге ауысты. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, мектеп қабырғасында оқу бағдарламасын толық меңгеріп шығуы үшін оқу сағаттарының кестесін барынша тиімді әрі оңтайлы құруды жолға қоятын болды. Оқушылардың білім материалын игеріп шығуы үшін. Үй тапсырмасы тәжірибесіне алғашында Еуропада, дәлірегі, Финляндияда тыйым салынған болатын.  Тағы бір араб елі – Бахрейнның білім беру министрлігі өткен жылы үй тапсырмасына тыйым салған еді.

Арабские школьницы

0 пікір
Мұрағат