Опа-далапқа қай елдің әйелдері көп қаржы жұмсайды?
Опа-далапқа қай елдің әйелдері көп қаржы жұмсайды?
9 жыл бұрын 3143

Сарапшылардың есебіне қарағанда, опа-далапқа ең көп қаржы жұмсайтын әйелдер Сауд Арабиясында болып шықты. Үстіміздегі жылдың ішінде саудиялық әйелдердің опа-далапқа жұмсайтын қаражаты 17%-ға артып, 9 млрд долларға жеткен. Саудиялық емханалардың бірінде өткен тері ауруларына арналған жиында талқыланған зерттеу нәтижесіне қарағанда, өткен жылы саудиялық ақ жаулықтылар опа-далапқа 30 млрд риал (саудиялықтардың ұлттық валютасы – ред.) жұмсаған, яғни, орташа есеппен алғанда саудиялық әрбір әйел опа-далапқа жылына 3200 доллар жұмсаған. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат агенттігі хабар таратты. Сондай-ақ, соңғы жылдары бұл елде артық салмақтан құтылуға көмектесетін дәрі-дәрмекке деген сұраныс артқан. Үстіміздгі жылдың бас кезінде Эр-Рияд денсаулық сақтау қызметінің басшысы Аднан бин Сүлеймен әл-Әбдікәрім «сусамыр, семіздік, гипертония және холестериннің артуы секілді індеттің» кеңінен тарағанын сөз еткен болатын. Мұның өзі салауатты өмір салтын ұстанбаудан туатынын да айтқан еді.

0 пікір
Мұрағат