Мысыр билігі азаматтық алғысы келетіндерге қандай шарт қояды
Мысыр билігі азаматтық алғысы келетіндерге қандай шарт қояды
4 жыл бұрын 2342 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі ел азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге қояр талабы мен орындалуы міндетті шарттарды жария етті. Пирамидалар елінің Egypt Independent ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, мысырлық азамат атанғысы келетіндер ең алдымен ел аумағынан кем дегенде 500 мың долларға бағаланатын жылжымайтын мүлік сатып алуы керек. Бұдан бөлек, 400 мың долларды Мысыр аумағында жүзеге асырылатын қандай да бір экономикалық жобаға инвестиция ретінде құюы керек. Сондай-ақ, 750 мың долларды аталған елдің орталық банкіне салуы тиіс – бұл қаражатты бес жылдан соң алған күндегі бағамы бойынша Мысырдың ұлттық валютасы түрінде ала алады. Ешқандай пайыздық үстеме қосылмайды. Тағы 250 мың долларды қайтарымсыз Мысыр қазынасына құюы керек. 

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз: 

"Саудия қандай мамандық иелеріне азаматтығын береді" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/saudiya-qandai-mamandyq-ielerine-azamattygyn-beredi-12809/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат