Мұсылман Құранға емес, Інжілге қолын қойып, серт бергені үшін сот кейінге шегерілді
Мұсылман Құранға емес, Інжілге қолын қойып, серт бергені үшін сот кейінге шегерілді
9 жыл бұрын 4543

Ливерпул королдігінде сот отырысы мұсылман куәгердің қасиетті Құранға емес, Інжілге қолын қойып, шындықты айтуға серт бергені үшін кейінге шегерілді. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, 38 жастағы Майкл Дэвис (Michael Davies) Беркенхед елді-мекенінде ұрлық жасамақ болған. Яғни, ол өткен жылы кебабты ұрламақ болып қолға түскен. Айыпкердің өзі бұл айыптауды теріске шығарып отыр. Сот отырысы барысында «Керім Құрт» мейрамханасының менеджеріне осы қылмысқа қатысты сауал қойылғанда ол «Бұл менің дініме қайшы» деген желеумен жауап беруден бас тартқан болатын. «Христиансыз ба?» деген қорғаушы Джон Виаттың (John Weate) қойған сауалына ол: «Жоқ, мен мұсылманмын» деп жауап қайтарған көрінеді. Еуропа елдерінің сот тәжірибесінде кеңінен қолданылатын, тек шындықты айтқызу үшін орындалатын рәсім бойынша ол қасиетті Құранға емес, Інжілге қолын қойып, серт бергені үшін сот отырысы кейінге шегерілді. Сот төрағасы Патрик Томпсон (Patrick Thompson) мұндай жағдайда сот отырысын жалғастырудың мәні жоқ екенін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат