Мұсылман кісі француздың қолынан қаза тапты
Мұсылман кісі француздың қолынан қаза тапты
9 жыл бұрын 2668

Париждегі терактіден кейін бір француз мұсылман көршісін «кек» алу үшін пышақтап өлтірді. Бұл жайында Channel News Asia ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, 28 жастағы жігіт 47 жастағы тегі марокколық көршісіне «менмін сенің құдайың, мен сенің исламыңмын» деп, қолына пышақ ала жүгірген. Бұл қайғылы оқиға Авиньона ауданындағы ауылда орын алған болатын. Ал мұсылман отағасының әйелі күйеуін құтқарам деп жүріп, қолынан жарақат алды. Әйелі қашып үлгеріп, дереу полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, күйеуі бұл аралықта бақилық болып кеткен еді. Исламофобияға қарсы ұлттық обсерваторияның президенті Абдолла Зекридің сөзіне қарағанда, күйеуін өлтірген көршісінің «менмін сенің құдайың, мен сенің исламыңмын» деп айқайлағанынан оның не мақсатпен кісі қанын мойнына жүктегенін байқауға болады.

0 пікір
Мұрағат