Мұсылман елдерінің теңіз көрмесі өтеді
Мұсылман елдерінің теңіз көрмесі өтеді
9 жыл бұрын 2967

Үстіміздегі жылдың маусым айының 6-сы мен 9-ы күндері аралығында Иран астанасы – Тегеран қаласында ислам елдерінің халықаралық теңіз көрмесі өтеді. Айтулы шараға теңіз компаниялары мен ұйымдарының өкілдері қатысады. Аталмыш көрмеде ұлттық және халықаралық деңгейде теңіз өнеркәсібінің әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері жұртшылықтың назарына ұсынылады. Иранның айлақтары мен теңіз жолдары ұйымы директорының орынбасары Жәлел Есламидің айтуынша, бұл шара теңіз аудандарындағы энергия ресурстарының мол қорының болуына және жылына 190 млн тоннаға тарта жүкті өткізуге қауқарлы 11 сауда портының, балық аулау әрі коммерциялық порттарының болуына, сондай-ақ, 200-ден асатын ірі және шағын мұнай порттарының болуына байланысты қолға алынып отыр. Нақтырақ айтқанда, олардың жұмыстарын үйлестіру, әлеуетін толық пайдалану мәселелері қарастырылады.

0 пікір
Мұрағат