Мүмкіндігі шеутеулі балаларға мұсылмандар қолұшын созбақ
Мүмкіндігі шеутеулі балаларға мұсылмандар қолұшын созбақ
10 жыл бұрын 2631

Әлем бойынша хат танымайтын сауатсыздар қарасы Африкада көп екенін өздеріңіз де білесіздер. Соның ішінде осынау құрлықтың оңтүстігінде орын тепкен  Малавиде бұл мәселе әлі күнге өткір күйінде тұр. Осы себепті, Малавидің мұсылмандар жамағаты мүмкіндігі шектеулі балалардың лайықты білім алуына жәрдемдесуге ниетті екендерін жеткізді. «Малавидегі ауылдық жерлерде тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар білім алу мүмкіндігінен де айырылған. Олар үйде қамалып, шыға алмайды. Олар қоғамнан  шеткері қалып қойған. Кейде оларға қоғамға масыл ретінде қарайтыны да жасырын емес. Олардың ата-аналары да өздерін қолайсыз сезінеді. Бұл жағдайды одан ары қиындатады»,- деді қынжыла тіл қатқан ислами ақпараттық бюроның ұлттық үйлестірушісі, шейх Динала Чабулика. Ол осы елдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына ықпал ету үшін Мұсылман мұғалімдер қауымдастығына өтініш айтқанын жеткізді. «Кемтарлық балалардың білім алуына бөгет болмауы тиіс. Әр адам білім алуға құқылы. Кемтарлығы үшін кемсітушілікке ұшырамауы керек»,- деді ол артынша сөзін толықтырып. Малави билігі оның бұл бастамасына қолдау білдіретінін мәлімдеді. Дәлірегі, Білім беру министрі Эммануэль Фабиано мұсылмандардың осынау бастамасының жүзеге асуына ықпал ететініне уәде берді. 

0 пікір
Мұрағат