Мүфти үнді пұтын пайғамбар деп атап, масқара болды
Мүфти үнді пұтын пайғамбар деп атап, масқара болды
10 жыл бұрын 3456

Үндістандағы мұсылман жамағатының аса ірі ұйымы болып табылатын Жамият-үлем мүфтиі Мұхаммед Ілияс "Шиваны (үнді пұты)" пайғамбарлар қатарына жатқызып, тілінен жазып, әріптестерінің наласына қалды. Бұл жайында ABPLive ақпарат көзі хабар таратты. Ол «Шива құдайы алғашқы мұсылман пайғамбары болған», - деп соқты. «Барлық дін бір ғана идеяны насихаттайды. Біз – бірінші кезекте үндістер, біздің идеямыз – бейбітшілік, үйлесім және бауырмалдық»,- деді ол сөзін ары сабақтап. «Үндістан – дініміздің діңгегі жатқан біздің отанымыз. Ұлы Шива – мұсылмандардың алғашқы пайғамбары. Шива мен Парвати құдайы – біздің жаратушымыз әрі ата-бабамыз, бұл – шындық»,- деп көсілді артынша. Оның аяқ астынан түлен түрткендей неге бұлай дегенін әріптестері түсіне алар емес. «Біз оның айтқандарын қабылдай алмаймыз. Бұл барып тұрған өтірік. Құранда бұлай айтылмаған. Бәлкім, бұл оның саяси мәлімдемесі болар»,- деді Фатихпури мешітінің имамы Мүккарам Ахмет.

0 пікір
Мұрағат