Математиканы нашар білгені үшін үйлену тойы кейінгіге шегерілді
|
Үндістанда күйеу бала қарапайым арифметикалық мысалды шеше алмағаны үшін үйлену тойы кейінгіге шегерілді. Осы үшін қалыңдық үйлену тойынан кетіп қалған. Нақтырақ айтқанда, ол өмірлік серігі болатын жанның білімін тексеріп көрмек болып, 15-ті алтыға қосса қанша болатынын сұрамай ма, күйеу жігіт «17» деп жауап берген. «Күйеу баланың отбасы бізден оның білім деңгейінің төмен екенін жасырған. Тіпті, мұндай есепті бірінші сынып оқушысы да шеше алады»,- деді қалыңдықтың әкесі. Бұл жағдай өнеркәсіпті қала болып табылатын Канпур шаһарының маңындағы ауылдардың бірінде орын алған. Қалыңдық пен күйеу баланың отбасылары үйлену тойы алдында бір-бірінен алған сый-сыяпаттарын кері қайтарды. Сөз реті келгенде айта кетейік, Үндістанда қаалыңдық пен күйеу бала үйленбей тұрып, бір-бірімен етене араласып, жақын таныса алмайды. Дәстүр солай. Олардың кіммен шаңырақ көтеретінін әке-шешелері шешеді. Өткен жылы да Үндістанда үйлену тойына қатысты қайдағы жоққа сенетіндер үшін қалыпты жағдай көрінетін қызықты оқиға орын алған еді. Бойжеткен Шер деп аталатын итке «тұрмысқа» шыққан еді. Бұған болашаақ күйеу балаға кесірін тигізетін лағынет таңбасынан арылту болған. Ит пен бойжеткеннің арасында үйлену тойы болды. Осылайша қалыңдықтың бойындағы қарғыс таңбасы итке ауып кетеді-мыс.