Күріш алқабын зиянкестерден қорғау үшін үйректі үйірімен пайдалануда (видео)
Күріш алқабын зиянкестерден қорғау үшін үйректі үйірімен пайдалануда (видео)
1 ай бұрын 2344 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында соңғы жылдары жолындағысын жайпап кететін, ауыл шаруашылығына орасан зор шығын әкелетін шегірткелерге қарсы үйректі пайдаланған пәкістандықтардың тәжірибесі («Шегірткелермен күресудің енді қажеті болмайды: оларды жеңудің жолы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/shegirtkelermen-kuresudin-endi-qajeti-bolmaidy-olardy-jenudin-joly-tabyldy-13986/#gsc.tab=0) турасында жазғанбыз. Шегірткелерге қарсы күресте онсыз да дегредацияға ұшыраған қоршаған ортаға зияны шеш етектен улы химикаттарды бұрынғыдай оңды-солды қолданғаннан гөрі осынау экологиялық тиімді тәсілді енді алқаптағы зиянкестермен күресте де пайдалану тиімді. Бұл сөзімізге Таиландтағы жағдай дәлел бола алады. Бір жағынан қоршаған ортаға залалсыз тәсіл құстың жеміне кететін шығынды едәуір азайтуға да септігін тигізіп отыр. Бұдан бөлек, үйректер топырақты қопсытып, жер жыртқанда кездесетін кедергілерді оңайлатады. Мұндай тәжірибе Таиландта кеңінен тараған. 

 

0 пікір
Мұрағат