Компьютер ойынын 19 сағат ойнаған қытайлық қайтыс болды
Компьютер ойынын 19 сағат ойнаған қытайлық қайтыс болды
9 жыл бұрын 3541

Baq.kz порталының The Daily Telegraph ақпаарат ккөзіне сілтеме жасай отырып таратқаан хабарына қарағанда Шанхайдың интернет-кафелерінің бірінде 19 сағат бойы World of Warcraft ойынын ойнаған Ву Тай есімді жас жігіт аяқасты қайтыс болған. Ғимарат ішіндегі бейнебақылау камераларындағы жазбада ойыншының алдымен жөтелгені, кейін құлағаны көрінеді. 

Ойынхананың қызметкері Синь Лоның айтуынша, Ву Тай оқиға болар алдында өзін нашар сезінген көрінеді. Оның өңі қуарып, жағдайының әлсірегенін айтқан. "Бір қарағанда жерде жатқанын байқадым, қиналған дыбыстар шығарып жатыр екен. Барып қарасам, беторамалмен аузындағы қанын сүртіп жатыр" деді Синь Ло.

Ол сол сәтте-ақ жедел жәрдем шақырыпты. Дегенмен, дәрігерлер жетемін дегенше жас жігіт қайтыс болып кеткен.

Полиция өкілдері өлімнің нақты себебін сараптамадан кейін ғана айтатындарын хабарлады. Бірақ, алдын ала болжам бойынша Ву Тай тым ұзақ уақыт ойын ойнағаннан зорығып көз жұмған.

0 пікір
Мұрағат