Кельндегі шіркеу исламофобияға қалай наразылық танытты?
Кельндегі шіркеу исламофобияға қалай наразылық танытты?
9 жыл бұрын 7831

Әлемге әйгілі шіркеулердің бірінен саналатын әрі жылдың барлық мезгілінде түні бойы жарығы бір сөнбейтін Германияның Кельн қаласындағы христиандардың ғибадат ғимараты осы шаһардағы ислам мен мұсылмандарға қарсы шеруге наразылық ретінде өткен аптада жарығын сөндірді. Бұл жайында  The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Бұл наразылық шарасы осы елдегі «Батыстың исламдануына қарсы еуропалық патриоттар» (PEGIDA) қозғалысының жария акциясына қарсы қолға алынды. Аталмыш шіркеу жетекшілерінің бірі Норберт Фельдхофф қарт құрлықта тамырын тереңге жіберіп, етек жайып келе жатқан исламофобиялық жат құбылысқа осылайша наразылық білдіретіндерін жеткізді. Дрезден шаһарында орын алған ислам мен мұсылмандарға қарсы акция кезінде де осы қаладағы әйгілі Земперопера театры да жарығын сөндіріп, наразылық танытқан еді. 

0 пікір
Мұрағат