Жылан сияқты жорғалай алатын құлтемір жасалды
|
Массачусетc технология институтындағы аса ірі Computer Science and Artificial Intelligence Lab (CSAIL) ғылыми-зерттеу зертханасында қыран сияқты қалықтай алатын және балық сияқты жүзе алатын биологиялық құлтемір жасалды. Жуырда Чикаго қаласында өткен интеллектуалдық құлтемірлер мен жүйелерге арналған халықаралық конференцияда CSAIL мамандары қуыс жерлерге де кіріп кете беретін құлтемірді жұртшылықтың назарына ұсынды. Аталмыш құлтемірдің дизайнына келсек, ол сегізаяққа да, жыланға да ұқсайды. Бұл құлтемір мен оның «қозғалтқышы» 3D-нің көмегімен толықтай силиконнан жасалған. Осының нәтижесінде ол кез келген қуасқа кіріп, бағытын лезде өзгерте алады. Кедергілерді де еңсеріп, қозғала алады. Бұл құлтемірді қоршаған орта турасында ақпарат жинауда пайдалануға болады. Түрлі бағытта қозғалуы үшін аса күрделі алгоритм жасалды.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)