Жазда қар жауды (видео)
Жазда қар жауды (видео)
9 жыл бұрын 3727

Табиғаттың тосын мінезі таңқалдыруын тоқтатар емес. Жаз айында дәлірегі, өткен аптаның соңында Боливия мен Перу қалың қар астында қалды.

 

Ауа температурасы 18 градустан нөлге дейін төмендеген. Аймақтың тұрғындарына бұл тосын жайт болды. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Күннің күрт суытып кетуінен, Боливияның кейбір бөліктерін қалың тұман басқан. Салдарынан әуе рейстері кейінге шегеріліп, көлік жолдарында бірнеше шақырымдық кептелістер пайда болды. Ал таулы аймақтарда қалыңдығы 15 сантиметрге жететін қар түсті.

Ал көршілес жатқан Солтүстік Америкада жағдай мүлде басқа. Онда аптап ыстықтан дала өрттері өршіп тұр. Соңғысы Лос-Анджелестің басты күре жолы маңында болған, өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағаттан соң ауыздықтай алды.

0 пікір
Мұрағат