Жазалауға қатысты сот процедурасын ашық етудің қытайлық тетігі
Жазалауға қатысты сот процедурасын ашық етудің қытайлық тетігі
3 жыл бұрын 2164 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі жазалау, үкім шығаруда әділдікті қамтамасыз ету және жаза тағайындау кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңартылған әрі мейлінше оңтайландырылған нұсқаулық нұсқасын шығарды. Аталмыш нұсқаулық қараша айының  6-ы күні қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қылмыстық істер жөніндегі мәжіліс аясында Қытайдың халық соттарына жаза тағайындау процедурасының салыстырмалы тәуелсіздігіне кепілдік берілуі тиіс екендігі айтылған аталмыш құжатта. Ал прокуратура орындары тергеу мен сараптама негізінде үкім шығару ісін жақсартуы тиіс. Жәбірлеуші мен жәбірленушінің заңды құқығын қорғау мақсатында екі тарапқа да шығарылатын үкімге қатысты өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беріледі – ол қылмыстық сот өндірісіне негізделуі тиіс. Бұл нұсқаулық Қытайдың ең іргелі бес құзырлы органы, солардың ішінде, Жоғарғы халық сотының, Жоғарғы халық прокуратурасының, Әділет министрлігінің және Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің араласуымен дайындалды.

0 пікір
Мұрағат