Жапониядағы бұрынғы ойынхана мешітке айналды
Жапониядағы бұрынғы ойынхана мешітке айналды
1 жыл бұрын 2228 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің Хонсиу аралындағы Нагой қаласында орын тепкен, жеті жыл бойы сатуға қойылса да ешкім алмаған ойынхананы жергілікті түріктер шамамен 217 мың долларға сатып алып, күрделі жөндеуден өткізіп, мешітке айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандардың бұл құлшылық үйі «Цусима мешіті және Айа-София кешені» деп аталды. Ғимараттың ауданы 785 шаршы метрді құрайды. Бір мезгілде 400 адам намаз оқи алатын аталмыш кешенде жастар клубы, кітапхана, қонақ үй, жиын өткізетін бөлме бар. Ғибадат ғимаратына айналдыру үшін жүргізілген жөндеу жұмыстарына екі жыл кетті. Бұл жөндеу жұмысына бас кеңсесі Германияның Келн қаласында орналасқан түріктердің Milli Görüş ұйымы барынша атсалысты. Milli Görüş ұйымының Жапониядағы өкілі Рекаби Сейіталыоғлы Anadolu агенттігіне берген сұхбатында бұл жобамен шектеліп қалмай, Токио, Йокогама және Осака қалаларында жаңа мешіттер ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат