Жала жабу қылмыстық іске теңестірілді
Жала жабу қылмыстық іске теңестірілді
3 жыл бұрын 4274 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жала жапқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыратын заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, интернетте жала жапқан адам 1 млн рублге дейін айыппұл төлейді немесе екі ылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал өзінің қызметін пайдаланып жала жапқан адамның жазасы екі млн рубл айыппұл төлеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру. Байқасаңыздар, жала жабудың өзін санатқа бөліп, ауырлығына қарай жазаны қатаңдатқан. Мәселен, адамға «айналасындағыларға қауіпті дертке шалдыққан» деп жала жапқан адамға үш млн айыппұл салынады немесе 4 жылға бас бостандығынан айырады. Максималды жаза мерзімі – бес жылға бас бостандығынан айыру немесе 5 млн айыппұл салу. Әдетте мұндай жаза жасамаған қылмысты жасады деп немесе зинаға барды деп жала жапқандарға қолданылады. Естеріңізде болса, елімізде осы жылдың маусым айында Ұлттық кеңестің ұсынысымен Қылмыстық кодекстің 130-шы бабы ("Жала жабу") әкімшілік құқық бұзушылыққа алмастырылған. Қылмыстық істерді ізгілендіру бағытындағы бұл қадам қоғамда резонанс тудыра қойған жоқ. Десе де жала жабу, яғни, адамның ар-намысына қол сұғумен бірдей мұндай әрекетті ақтап алуға келмейтін, яғни, мұндай сұрқия әрекетке қатысты қолданылатын жазаны жеңілдету қаншалықты тиімді екенін уақыт өзі көрсете жатар. Уикипедия электронды анықтамаға көз жүгірткенімізде, 2011 жылға дерек бойынша әлемнің 100-ден аса елінде жала жабу қылмыстық іс саналады.

0 пікір
Мұрағат