Жаһандық жылыну: адам организмі қанша температураға дейін төзе алады?
Жаһандық жылыну: адам организмі қанша температураға дейін төзе алады?
3 жыл бұрын 3265 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл арада сарапшылардың ылғал термометрінің температурасын пайдаланғанын айта кету керек. Бұл құрылғы жылуды да, ылғалды да ескереді. Клиамт өзгерісі әлем бойынша ауа температурасын көтеріп, адам денсаулығына қауіпті шегіне жеткізуге шақ қалған. Адамның даны сірі дегенмен оның да белгілі бір шегі болады. Бұл жайында islam.kz порталы Live Science ақпарат көзіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен адам денесі ұаншалықты жоғары температураға дейін төтеп бере алады екен? Бұл тарапта таяуда арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда - 35 °C. Десе де бұл көрсеткіш ылғал термометрінің температура бойынша алынған. Ылғал термометрінің температурасы ауа температурасымен сәйкес келмейді. Ол жылуды да, ауаның ылғалдылығын да (мұның маңыздылығы сонда – ауадағы ылғал көп болса, адам тері буланбайтынды, соған байланысты салқындай алмайды) ескеретін термометрмен өлшенеді. «Егер ылғал төмен, ал температура жоғары болса немесе осыған керісінше жағдай орын алса, алғал термометрінің температурасы қауіпті шекке жетпейді. Алайда, ылғалдың да, температураның да көрсеткіші жоғары болса, алғал термометрінің температурасы қауіпті шекке дейін көтерілуі мүмкін»,- деп түсіндірді NASA-ның реактивті зертхана ғалымы Колин Рэймонд. Мәселен, ауа температурасы 46,1 °C, ал салыстырмалы ылғал термометрі — 30% болса, алғал термометрінің температурасы 30,5 °C-ты көрсетеді. Ал ауа температурасы 38,9 °C, салыстырмалы ылғалдылық — 77% болса, алғал термометрінің температурасы шамамен 35 °C-ты көрсетеді. Адамдардың жоғары ауа және ылғал температурасында өмір сүре алмайтын себебі – ішкі температурасын реттеу қабілетінен айырылып қалады. «Егер алғал темометрінің температурасы адам тәнінің температурасынан жоғарыласа, адам терлеуін тоқтатпайды, алайда, денесін салқындата алмайды. Мұның кесірінен еңбек ету қабілетінен айырылады. Бұл кезде организм гипертермикалық жағдайда болады – дене температурасының кенеттен 40°-тан жоғары көтерілген кездегі патологиялық жағдайда болмақ. Мұның арты пульстің жиілеуіне, психикалық ай-күйдің өзгеруіне, тердің шықпауына, әлсіздікке ұласып, комаға (ес-түссіз) күйге түсіреді»,- деп сөзін ары сабақтады Колин Рэймонд. Дегенмен ылғал термомтерніңі температурасы 35 °C-қа дейін көтерілсе, бұл адамның бірден өлуіне жол бермейді – мұндай күйде адам үш сағатқа дейін төзе алады. Әйткенмен адамның мұндай температурада өліп кетудің нақты уақытысын анықтау мүмкін емес, өйткені, 35 °C — ылғал темометрінің адамның ажалына себеп болатын нақты температурасы екенін растайтын тәсіл жоқ. Маманның сөзіне қарағанда бұл көрсеткіш (яғни, адамның өлуіне себеп болатын температура) - 34 °C-36,5 °C аралығында. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша жердің кей аймақтарында ғана тарихта алғал температурасы 35 °C-қа жеткен. 1980-ші жылдардың соңы мен 1990-шы жылдардың бас кезінде жерлің ең ыстық аймағы Пәкістанның орталық және солтүстік бөлігіндегі Инд өзенінің жазығы мен Парсы шығанағының оңтүстік жағалауы аталған еді. Бертін келе әлемнің ең ыстық нүктесі басқа өңірге ауысты: «Әлемнің ең ыстық нүктесі басқа аймаққа ауысты» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/arturli/alemnin-en-ystyq-nuktesi-basqa-aimaqqa-auysty-15285/#gsc.tab=0). Десе де ғалымдар жаһандық жылылундан Үндістанның солтүстігі, Мексиканың солтүстік-батыс өлкесі, Оңтүстік-шығыс Азия мен Африканың батысы таяудағы 30-50 жылда мұндай температураға ұшрау қатері жоғары болатынын алға тартып отыр. 

Ұқсас материалдар:

«Жаһандық жылыну миллиондаған адамның өмірін қияды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-milliondagan-adamnyn-omirin-qiyady-15562/#gsc.tab=0);

«Суықтан емес, ыстықтан өлетіндер қарасы көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/suyqtan-emes-ystyqtan-oletinder-qarasy-kobeiip-keledi-15471/#gsc.tab=0);

«Нормадан тыс көміртек газының 4 тоннасы бір адамның ажалына себеп болып отыр – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/normadan-tys-komirtek-gazynyn-4-tonnasy-bir-adamnyn-ajalyna-sebep-bolyp-otyr-zertteu-15561/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/klimat-ozgerisi-bir-jane-kop-jasushaly-organizmder-genin-mutatsiyaga-ushyratady-14774/#gsc.tab=0);

"Әлемдегі әр үшінші өлім-жітім жаһандық жылынумен байланысты" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-ar-ushinshi-olim-jitim-jahandyq-jylynumen-bailanysty-15309/#gsc.tab=0);

«Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-alemdegi-olim-jitimnin-15-y-tek-bir-sebepten-bolady-12878/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

 «Соңғы 20 жылдағы табиғи апаттан опат болғандар саны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-20-jyldagy-tabigi-apattan-opat-bolgandar-sany-belgili-boldy-10928/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат