|
Израиль әл-Ақсаны қорғайтын ұйымды жауып тастады
|
Өткен аптада израилдік полиция Назарет қаласындағы әл-Ақсаны еврей экстермистерінен қорғайтын үкіметтік емес үш ұйымды жапқандарын мәлімдеді. Елдің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін агенттік өкілінің айтуынша, аталған үш ұйымның кеңселеріне тінту жүргізіліп, компьютерлер мен құжаттарды алып кеткен. Сондай-ақ, осынау ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің біразын тұтқындап әкеткен. Әл-Ақсаны қорғаумен айналысатын әр ұйымның мақсаты бір болғанымен, көздеген мақсаттарына жету жолдары әр қилы болатын. Мәселен, «әл-Ақса чемпионы» мешіт ішіндегі жағдайды елге жеткізумен шұғылданса, «әл-Ақсаның мұсылман әйелдері» деп аталатын ұйым мешіттің аумағында әйелдерге діни ілім берумен айналысқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды