Италия парламенті Палестина мемлекеттігін мойындауға шақырды
Италия парламенті Палестина мемлекеттігін мойындауға шақырды
9 жыл бұрын 2625

Италия парламенті Палестина мемлекетін құру туралы қарарға дауыс берді. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Италия үкіметінен Палестина мемлекетін 1967 жылғы шекарасы бойынша мойындауды сұраған құжат жобасын ел премьері Маттео Ренци партиясы күн тәртібіне енгізген болатын. Аталмыш құжаттағы талапты жақтап 300 депутат дауыс берсе, 45 халық қалаулысы қарсы шыққан. Десе де, Италия үкіметінің бұл қадамы Палестина мемлекетін Израил билігімен келіссөз жүргізе отырып, құру жөніндегі ұстанымына ықпал етпейді. Ал "Ман" ақпарат агенттігі Италия билігінің бұл қадамын «палестиналықтардың кезекті дипломатиялық жеңісі» деп бағалады. Еуропада Италиядан бұрын Ұлыбритания, Франция, Испания, Португалия, Ирландия елдері де Палестина мемлекетінің құрылуын жақтап, құжат қабылдаған болатын. 

0 пікір
Мұрағат